Жаңалықтар

CM EXPO 2026 көрмесіне келушілерді тіркеу ашық

CM EXPO 2026 — құрылыс техникасы, жабдықтары мен технологияларының халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілерді тіркеу басталды.

2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында CM EXPO 2026 өтеді. Бұл — Қазақстандағы құрылыс техникасы, жабдықтары мен технологияларына арналған бірегей мамандандырылған көрме, онда өндірушілер мен жеткізушілер өздерінің жаңа өнімдерін сала мамандарының кең аудиториясына ұсына алады.

CM EXPO 2026 көрмесіне барудың артықшылықтары:

● заманауи құрылыс және арнайы техниканы іс жүзінде көру;
● құрылыс саласына арналған ең жаңа технологиялар мен шешімдермен танысу;
● нарықтың негізгі үрдістері мен саланың даму перспективалары туралы білу;
● техника мен жабдық өндірушілері және жеткізушілерімен тікелей байланыс орнату;
● кәсіби желіні және іскерлік байланыстарды кеңейту.

Көрме кімдерге қызықты:

CM EXPO 2026 құрылыс және мердігерлік ұйымдардың басшылары мен мамандарына, девелоперлік компания өкілдеріне, инженерлер мен техникалық мамандарға, жабдық жеткізушілерге, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдеріне пайдалы болады.

Өтетін орны:

«EXPO» халықаралық көрме орталығы

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1

Көрменің жұмыс уақыты:

1 сәуір (сәрсенбі) — 09:30–18:00
2 сәуір (бейсенбі) — 09:30–18:00
3 сәуір (жұма) — 09:30–15:30

Көрмеге кіру алдын ала тіркелген жағдайда тегін. Бейдж алу үшін тіркеуден өту қажет.

Байланыс:

Компаниялардың қатысуы бойынша:
Женис Асанов
Тел.: +7 700 999 80 08
E-mail: az@astana-expo.com

Келушілер мен PR мәселелері бойынша:
Шырын Сулейменова
Тел.: +7 7172 64 23 23 (ішкі 221)
E-mail: ssh@astana-expo.com