Жаңалықтар

Астанада құрылыс саласының цифрлық трансформациясы талқыланды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құрылыс саласын цифрландыру мәселелері бойынша «Мемсараптама» РМК алаңында жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министрліктің ведомстволық бағынышты ұйымдары — «Мемсараптама» РМК, «Мемқалақұрылыскадастры» РМК және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ есеп берді. Жұмыстың негізгі нәтижелері, ағымдағы цифрлық қызметтер және оларды одан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды. Отырыста құрылыстың толық циклін цифрландыруды қамтамасыз ететін салалық ақпараттық жүйелер қарастырылды:

● мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МҚҚК ААЖ),
АММБ-ның (Ақпараттық модельдердің Мемлекеттік банкінің) жобалау және сараптама порталы,
● сондай-ақ, «Е-Құрылыс» мониторинг және бақылау жүйесі.

Саладағы барлық цифрлық шешімдердің интеграциясы мен үздіксіз әрекеттесуін қамтамасыз ететін бірыңғай құрылыс порталының тұжырымдамасы бөлек ұсынылды.

Жеке түрде барлық цифрлық шешімдерді біріктіретін Бірыңғай құрылыс порталының тұжырымдамасы таныстырылды. Министрге бастапқы рұқсат құжаттарын беру, жасанды интеллект арқылы құрылыс барысын бақылау, сараптамадан өткізу, орындаушы құжаттаманы рәсімдеу және сметалық есептерді автоматтандырылған тексеру сервистері көрсетілді.

Ерсайын Нағаспаев цифрландыру құрылыс саласының тиімділігі мен ашықтығын арттырудың негізгі құралы екенін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша озық технологияларды енгізу және жасанды интеллектті қоса алғанда, цифрлық сервистерді дамыту бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Дереккөз: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі
2025-08-23 17:07